Партия туралы
Әділетті Қазақстанның саяси күші
«Әділет» партиясын Қазақстанның болашағын Әділеттілік, Заң мен Тәртіп, Жауапкершілік және Патриотизм қағидаттарымен байланыстыратын азаматтар құрды.
Біз жаңа Конституцияның қабылдануы – жаңа кезеңдегі ел дамуының бастамасы деп санаймыз. Бұл кезеңде мемлекет азаматқа қызмет етуі керек, заң бәріне бірдей міндетті болуы тиіс, ал биліктің тиімділігі адамдардың өміріндегі нақты нәтижелермен өлшенуі қажет.
«Әділет» білім беру, ғылым, медицина, бизнес, құқық, мемлекеттік басқару және азаматтық қоғам салаларындағы мамандардың басын қосады. Біз әділетті, заманауи әрі бәсекеге қабілетті Қазақстанды құруға атсалысу үшін біріктік.
Біз реформашыл центризм, парасатты ұстаным және қоғам алдындағы жауапкершілік қағидаттарын ұстанамыз. Саясат құзыреттілікке, кәсібилікке және азаматтардың мүддесі үшін тиімді шешім таба білуге негізделуі керек деп есептейміз.
Біздің негізгі құндылықтарымыз – Әділеттілік, Патриотизм, Еңбекқорлық, Жауапкершілік және Прогресс. Дәл осы құндылықтар біздің шешімдерімізді, бағдарламаларымызды және саяси қызметімізді айқындайды.
Біз мықты мемлекеттік институттарды, заң үстемдігін, әділ бәсекеге негізделген экономиканы, өңірлерді дамытуды, адами әлеуетті қолдауды және мемлекет пен қоғам арасындағы тиімді диалогты қолдаймыз.
Біздің мақсатымыз – әділеттілік қағидаттарын мемлекеттік саясат пен қоғамдық өмірдің негізіне айналдыру. Әрбір азамат өз қабілеттерін жүзеге асыру, адал еңбек ету және лайықты болашаққа қол жеткізу үшін тең мүмкіндікке ие болуы тиіс.
Құндылықтар
Бағдарлама
Партияның толық бағдарламасы
Бағдарламаны оқуЖарғы
Партия жарғысы партияның мақсаттарын, мүшелік шарттарын және басқару органдарын айқындайды.
Жарғыны оқу