Әділет

Күшіміз – бірлікте, негізіміз – әділетте

Партияға кіру
Жаңалықтар
Барлық жаңалық
Партия туралы

Әділетті Қазақстанның саяси күші

«Әділет» партиясын Қазақстанның болашағын Әділеттілік, Заң мен Тәртіп, Жауапкершілік және Патриотизм қағидаттарымен байланыстыратын азаматтар құрды.

«Әділет» білім беру, ғылым, медицина, бизнес, құқық, мемлекеттік басқару және азаматтық қоғам салаларындағы мамандардың басын қосады. Біз әділетті, заманауи әрі бәсекеге қабілетті Қазақстанды құруға атсалысу үшін біріктік.

«Біздің мақсатымыз – әділеттілік қағидаттарын мемлекеттік саясат пен қоғамдық өмірдің негізіне айналдыру»

Біздің құндылықтар

Көбірек білу үшін тақырыпты басыңыз

Партия бағдарламасы

Партияның негізгі басымдықтары

Құндылықтар институттар мен шешімдерде көрініс тапқанда мәнге ие болады. Көбірек білу үшін тақырыпты басыңыз.

Партияның толық бағдарламасын оқу
Партияға кіру

«Әділет» партиясына қосылыңыз

Әділетті Қазақстанды бірге құрамыз

«Әділет» партиясы әділет, патриотизм, жауапкершілік, еңбекқорлық және прогресс қағидаттарын қолдайтын, заң үстемдігін жақтайтын әрі елдің дамуына атсалысуға дайын Қазақстан Республикасы азаматтарының басын біріктіреді.

Партия қатарына қосылу арқылы, сіз әділетті, демократиялық және құқықтық мемлекетті нығайту, азаматтық қоғамды дамыту және конституциялық реформаларды жүзеге асыру жолында еңбек етіп жүрген ниеттес азаматтар командасының бір бөлігіне айналасыз.

Партия мүшесінің құқығы бар:

партия қызметіне қатысуға;
партия саясатына қатысты ұсыныстар енгізуге;
партияның шешімдерін талқылауға және қабылдауға ат салысуға;
белгіленген тәртіппен партияның басшы органдарын сайлауға және сайлануға;
партияның іс-шаралары мен бастамаларына қатысуға;
партия қызметі туралы ақпарат алуға.
«Әділет» партиясына қосылу