Заң мен Тәртіп
«Әділет» партиясы заң үстемдігін әділетті мемлекеттің сөзсіз негізі деп біледі. Заң әлсізге қатаң да, күштіге ыңғайлы бола алмайды: құқықты іріктеп қолдану азаматтардың сенімін күйретіп, әділетке деген сенімнің іргесін шайқалтады.
Біз құқық және этика нормалары мәртебесіне де, ықпалына да қарамастан баршаға бірдей міндетті болатын «Заң мен Тәртіп» қоғамын құрсақ дейміз. Ол үшін біз соттардың тәуелсіздігін нығайтсақ, соттың қорғауына жүгіну оңай болса және оның сапасы жақсарса, сот өндірісін цифрландырсақ дейміз. Біз құқықтық көмек инфрақұрылымын дамытуды, адвокатура мен омбудсмен институтын күшейтуді қолдаймыз, сонда әр азамат конституциялық құқықтарын толық пайдалана алады.
«Әділет» партиясының құқық қорғау жүйесін жаңғыртуды және адам мүддесі мен қоғамдық қауіпсіздікті басымдық ететін сервистік модельге көшуіміз керек деген ұстанымы табанды. Алайда Заң мен Тәртіп — институттар ғана емес, ол қоғамның мәдениеті де. Біз заңға құрмет, азаматтық тәртіп, өзара сенім және кез келген қиянат пен құқық бұзғанға төзбеу мәдениеті тереңге тамыр тартса дейміз және сол жолда жұмыс істемекпіз.
Қуатты мемлекет әділ ережелер күштеп таңудан ғана емес, азаматтардың ішкі сенімінен де қолдау тапқан жерде қалыптасады. Біз заңның құндылығына қатысты қоғамдық келісім — Қазақстанның ұзақмерзімді орнықтылығы мен нық дамуының кепілі деп білеміз.