Әділет
Бағдарламаға оралу

Өңірлер мықты болса — ел мықты

«Әділет» партиясы елдің шынайы бәсекеге қабілеті өңірлердің теңгерімді әрі серпінді дамуына қарайды деп сенеді. Қазақстанның әр өңірін өз әлеуеті, өз қажеті бар және орталықтан әділ назар аударылғанына құқылы толыққанды даму субъектісі деп қарастыру керек. Біз өңірлердің қаржы жағынан дербес болғанын және олардың кірісі жергілікті қауымдардың қажетіне жұмсалғанын қолдаймыз. Мақсатымыз — бюджетке тәуелділікті кезең-кезеңімен азайтып, өңірлерді жалпы ел прогресіне үлес қосатын орнықты өсу нүктелеріне айналдыру.

Өңірлерді дамыту саясаты теңсіздікті азайтуды, өмір сапасын теңестіруді, негізгі инфрақұрылымды жаңғыртуды, денсаулық сақтау, білім беру және цифрлық қызметтерге тең қол жеткізуге сеп болуды көздеуге тиіс.

Мәселелер сол шыққан жерінде шешілуге тиіс, тек айрықша жағдайда ғана орталыққа жүктелуі мүмкін. Біз жергілікті биліктің өкілеттігін кеңейтуге және жергілікті процестерді басқаруда мәслихаттардың рөлін күшейтуге ұмтыламыз.