Әділ, бәсекелі экономика
«Әділет» партиясы адал бәсеке, жеке меншікке қол сұқпау принципі және кәсіпкерлік бастаманың қорғалуы елдің өркендеуіне негіз болатын экономиканы қолдайды. Адамның жетістігі оның еңбекқорлығының, кәсіби білігінің және қоғамға деп құндылық тудыра білу қабілетінің тікелей нәтижесі болуға тиіс. Мемлекет бейтарап төреші болуға міндетті: монополияларды шектеп, «ойын ережелері» бизнес пен инвесторлар үшін тұрақты болуына жағдай жасауы керек. Нарықтың орнын артықшылық басқан жерде өссем деген ынта әлсіреп, азаматтардың сенімі шайқалады.
Біз елдің табиғи бәсекелік артықшылықтарын капиталға айналдыруды көздейтін экономикалық реализм стратегиясын ұстанамыз. «Әділет» энергетика, металлургия, көлік, агроөнеркәсіп кешені сияқты дәстүрлі салаларды технология жағынан жаңғыртуды қолдайды. Алайда өсімнің шынайы қозғаушы күші — кәсіпкерлік рух пен экономиканың инновацияны қабылдай білу қабілеті деп білеміз.
Біз үшін шағын және орта бизнес — әлеуметтік ұтқырлықтың негізі әрі орта таптың тірегі. Біз әкімшілік рәсімдерді жеңілдетуді, қысымға емес, ынталандыруға сүйенетін болжамды салық жүйесін қалыптастыруды көздейміз. Отбасы және жастар кәсіпкерлігіне өңірлердің дамуы мен елдің ұзақмерзімді орнықтылығының құралы деп ерекше назар аударылады.