Әлеуметтік ынтымақ және атаулы қолдау
«Әділет» партиясы әлеуметтік саясатты игілікті бөліп тарату деп емес, адам абыройын қалпына келтіру және өмірде берілер мүмкіндіктерді кеңейту жүйесі деп біледі. Мемлекеттің кемелдігі мен қоғамның орнықтылығы оның халықтың ең осал топтарына қалай қарайтынынан көрінеді. Сондықтан балалардың қауіпсіздігі, үйдегі зорлық-зомбылықтың алдын алу, қарттарды, ерекше қажеті бар адамдарды және өзге де осал топтарды қолдау — біздің саясатымыздың негізгі міндеттерінің бірі.
Мемлекеттің қолдауы шынымен мұқтаж адамдарға, проактив түрде және бюрократиялық кедергілерсіз, адам қадір-қасиетін құрметтей отырып жетуге тиіс. Әділ әлеуметтік жүйе тәуелділік пен масылдықты күшейтпеуі керек, керісінше, адамға орнықтылық табуға және қоғам өміріне толық араласатындай мүмкіндік беруге тиіс.
Қуатты қоғам әділ заңдарға ғана емес, ынтымаққа да сүйенеді. Біз қайырымдылық пен волонтерлікті ұлттың кемелдігі мен жасампаз қуатын көрсететін маңызды әлеуметтік құбылыс деп білеміз.