Әділет
Бағдарламаға оралу

Адам әлеуетіне бәс тігеміз

Білім, денсаулық, кәсіби машықтар және адамның жасампаздық қабілеті — қазіргі мемлекеттің басты ресурсы. Сондықтан «Әділет» партиясы білімге, денсаулық сақтауға және адам капиталын дамытуға құйылатын инвестицияны ең жоғары стратегиялық басымдық деп біледі.

Білімге құрмет — әлеуметтік әділет пен орнықты дамудың негізі. Қай жерде тұрса да, отбасының табысы қандай болса да, әр адам сапалы білімге қол жеткізе алуға тиіс. Біз орта, кәсіптік-техникалық және жоғары білімнің сапасын арттыруды, мұғалім мәртебесін көтеруді, оқыту формалары мен мазмұнын жаңартуды қолдаймыз. Ұлттың зияткерлік әлеуеті ел ішінде кәдеге жарасын деп жас ғалымдарға ерекше көңіл бөлеміз.

Денсаулық сақтау саласы қағазға түскен есепке емес, науқастың нақты денсаулығына қарай өлшенетін адамға қаратылған модельге көшуге тиіс. Біздің басымдығымыз — бастапқы буынды күшейту, ауру-сырқаудың алдын алу, медицина қызметкерлеріне лайық еңбек жағдайын жасау. Біз саламатты да белсенді өмір салты мен дұрыс тамақтануды насихаттаймыз.

Мәдениет пен креатив индустриялар — ұлттың бірегейлігін қалыптастыратын әрі экономикалық нәтиже беретін аса маңызды салалар. Қазақстан талантқа бай, біз олардың ел ішінде де, жаһандық деңгейде де орнын тауып, қабілетін толық кәдеге жарата алуына жол ашамыз.