Әділет
Бағдарламаға оралу

Таза Қазақстан

«Әділет» партиясы «Таза Қазақстан» бастамасын қоғамның кең ауқымды моральдық жаңару процесінің бір бөлігі деп танып, қолдайды. Біздің мәдениетімізде терең тамыр жайған тазалық ұғымы сан қырлы: жасыл желегі жайқалған көшелер де, баптап күтім жасалған аулалар да, табиғатты аялай қорғайтын адамдар да, ішкі мәдениеті берік, тәртіп, жауапкершілік және ортақ игілікті құрметтеу қағидаттарына сүйеніп өмір сүретін қоғам да — тазалықтың белгісі.

Біз бұл құндылықтарды жан-жақтан асқақтатып, асқақ адамгершілік мұраттары мен прогрессив ұстанымдары бар тұлғаның жиынтық бейнесі деп Абайдың «Толық адам» тұжырымдамасын кеңінен насихаттаймыз.

«Әділет» партиясы «Таза Қазақстан» жобасын Әділетті Қазақстанды құрудың идеялық негіздерінің бірі, жасампаздық нормалары мен дүниетанымдық ұстанымдардың орнығуына ықпал ететін маңызды фактор деп қарастырады. Біз экологияға жауапкершілікпен қарау, табиғи ресурстар мен қоғамға ортақ кеңістіктерді ұқыптап ұстау мәдениетін қалыптастыруды, прогресс пен мораль астаса өрілген мемлекет құрмақ ұмтылысты қолдаймыз.